АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел әлеуметтік желідегі парақшасында Қарабақтағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елші Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын айтты.
"Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптаймыз. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз, - деді Байел.
Қарабақтағы шиеленіс екі күн бұрын басталған еді.Әзербайжан конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін аймақта терроризмге қарсы операцияны бастады.
Бір күннен кейінБаку менСтепанакерт атыстыңтоқтатылғанын жариялады. Әзербайжан бірқатаршарт қойды, Қарабақта орналасқанзаңсыз қарулытоптар өздерініңжауынгерлік позицияларынтоқтатып, толық қарусыздандырылуыкерек болды.