https://sputnik.kz/20230919/azerbayzhan-qarabaqta-terrorizmge-qarsy-operatsiyany-bastady-38588480.html
Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады
Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы және бірлескен түрік-ресей мониторинг орталығының басшылығы хабардар етілді. 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T16:21+0500
2023-09-19T16:21+0500
2023-09-19T16:21+0500
әзербайжан
армения
https://sputnik.kz/img/07e5/06/08/17277370_0:169:3037:1877_1920x0_80_0_0_b0b1e5f518dcd093a62ef10b218b07af.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Әзербайжан Карабахта конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды бастады, деп хабарлады елдің әскери ведомствосы.Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бірқатар міндеттерді белгіледі:Қабылданған шаралар туралы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы мен бірлескен түрік-ресей мониторингтік орталығының басшылығы хабардар етілді.Бұған дейін қазақстандық СІМ Таулы Карабах бойынша мәлімдеме жасаған болатын.Сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Армения мен Әзербайжанға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді және тараптарды сындарлы диалогқа шақырды.
https://sputnik.kz/20230912/sim-tauly-qarabaqtagy-zhagdayga-qatysty-malimdeme-zhasady-38389084.html
әзербайжан
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/08/17277370_154:0:2883:2047_1920x0_80_0_0_be6285c5e4b07f52e594f88bc0d8364e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, армения
Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады
Бұл туралы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы және бірлескен түрік-ресей мониторинг орталығының басшылығы хабардар етілді.
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Әзербайжан Карабахта конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды бастады, деп хабарлады елдің әскери ведомствосы.
Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бірқатар міндеттерді белгіледі:
үшжақты өтініштің ережелерін қамтамасыз ету;
Карабахтағы кең ауқымды арандатушылықтардың жолын кесу;
Әзербайжан аумағынан Армения қарулы күштерінің жасағын қарусыздандыру және шығару;
армян әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру;
азат етілген аумақтарға қайтып келетін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
конституциялық құрылысты қалпына келтіру.
Қабылданған шаралар туралы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы мен бірлескен түрік-ресей мониторингтік орталығының басшылығы хабардар етілді.
Бұған дейін қазақстандық СІМ Таулы Карабах бойынша мәлімдеме жасаған болатын.
"Таулы Карабах төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қолдайтынын тағы да растады, сондай-ақ БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес барлық мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Армения мен Әзербайжанға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді және тараптарды сындарлы диалогқа шақырды.