АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласында қоқыс жинайтын мамандар тапшы. Мұндай жұмысқа Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарын тартуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Мой Город порталына сілтеме жасап.
Қала әкімі Мейіржан Сатқановтың айтуынша, қазіргі кезде қоқыс шығаратын көлік жүргізушілерінің жалақысы 300 мың теңгеден басталады. Ал көше жинайтын жұмысшылар қолға шамамен 175 мың теңге алады. Соның өзінде маман тапшылығы бар. Себебі тұрғындар ондай жұмыс істегісі келмейді.
"Осыған байланысты қыста осы жұмыс орындарына Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтарын ресми түрде орналастыруды жоспарлап отырмыз. Себебі көше жинау, шөп шабу және ағаш кесу сияқты жұмыстар тұрақты түрде атқарылуы керек", - деді Сатқанов қалалық мәслихаттың бесінші сессиясында.