Қазақстанда шетелден ақша алатындардың тізімі жарияланды

Тізімге 240 жеке және заңды тұлға еніп отыр
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті шетелден ақша алатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сайтта осы құжаттың жарияланған уақыты 2022 жылдың 1 қаңтары деп көрсетілген. Ал өзгеріс енгізілген мерзімі – 2023 жыл, 19 қыркүйек.
Қазақстандағы кейбір бұқаралық ақпарат құралдары оны "шетелдік агенттердің тізімі" деп атады.
Қазіргі кезде тізімге 240 жеке және заңды тұлға еніп отыр. Олардың ішінде журналистер, түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар бар. Журналистика саласында жұмыс істейтіндер де жоқ емес. Олар:
"MediaNet" халықаралық журналистика орталығы" қоғамдық ұйымы;
"Эдил Соz" (Әділ сөз) сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры" қоғамдық ұйымы;
Қазақстандағы адам құқықтары мен заңнаманы сақтау халықаралық бюросы;
Қазақстандағы Internews өкілділігі;
журналистер Динара Егеубаева мен Айнұр Коскина.
Бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті тізімді жариялау себебін түсіндірген. 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілген болатын. Соған сәйкес, комитет өзінің интернет-ресурсында шетелден ақша немесе мүлік алатын тұлғалардың тізімін жариялайды. Бұл өзгерісті "халықтың мемлекетке және үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін күшейту үшін" қабылдады.
Қоғам
Forbes тізімі: әлемдегі ең бай адамдар рейтингісіне 5 қазақстандық енді