АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі биыл тамызда шілдемен салыстырғанда 100,3%-ке, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 103,9%, 2022 жылғы тамызбен-105,9%-ке өскен, делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарламасында.
Тұтыну бағаларының индексі - инфляцияның нақты қалыптасқан деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Былтыр тамызбен салыстырғанда ЕАЭО-да ақылы қызметтердің бағасы айтарлықтай 9,8%-ке өсті. Осы кезеңде азық-түлік тауарларының бағасы 4,5%, азық-түлік емес тауарлардың құны 4,7%-ке қымбаттады.
ЕЭА бойынша Қазақстан мен Қырғызстанда азық-түлік тауарлары бағасының орташа деңгейден өскен, яғни Қазақстанда 12,4% және Қырғызстанда 7,5%-ке қымбаттаған. Ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы Қырғызстанда 14,6%-ке, Қазақстанда 13,5%-ке көтерілген. Ақылы қызметтер құны Қазақстанда 13,9%-ке дейін қымбаттады.