АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Абай облысында табиғатты жосықсыз пайдаланушылар қоршаған ортаға 100 млн теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы табиғат пайдаланушылардан мемлекетке 100 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеп алды.
"Жекелеген табиғат пайдаланушылар рұқсат құжаттарынсыз белгіленген лимиттерден артық ластаушы заттарды қоршаған ортаға шығарған. Салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал 100 млн теңгеден асты, олар прокуратура актісі бойынша мемлекет кірісіне өтелді", - дейді ведомство.
Бас прокуратураның айтуынша, барлық табиғат пайдаланушылар қалдықтарды түгендеу және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындауда талаптарды сақтамайды.
Талапты бұзған 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген.