Жамбыл облысының фермерлеріне резервтен қанша қаржы бөлінеді

Өңірдегі құрғақшылықтың шығыны анықталды. Үкімет арнайы қаулы қабылдап, 3,6 миллиард теңге бөледі
Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысында шығынға ұшыраған фермерлерге үкімет резервінен қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкімет арнайы қаулы қабылдады. Соның негізінде резервтен ақша бөлінеді.
"Жамбыл облысы бойынша құрғақшылықтың шығыны анықталды. Үкіметте арнайы қаулы қабылданды. 3,6 миллиард теңге бөлінеді. Осы ақша шамамен 400 шаруашылыққа таратылады", - деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, Жамбыл облысының фермелері екі есе артық ақша сұраған. Бірақ жергілікті комиссия шығынның нақты сомасын анықтады.
Айта кетері, биыл Жамбыл облысында шаруалар сусыз қалды. Ал депутаттар қызметтік тергеу жүргізуді талап етті.
Депутат Жамбыл облысындағы су тапшылығына байланысты тергеу жүргізуді талап етті