"Эйр Астана" ұшақтары Қарабақты айналып ұшады

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. "Эйр Астана" ұшақтары Қарабақтың үстінен айналып ұшады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Эйр Астана" компаниясының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстері Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты сол аумақтың үстінен айналып ұшады", - деп жазылған хабарламада.
Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шарасын қабылдап жатқанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан Қарабақта конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды бастады.
Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бірқатар міндеттерді белгіледі:
үшжақты өтініштің ережелерін қамтамасыз ету;
Қарабақтағы кең ауқымды арандатушылықтардың жолын кесу;
Әзербайжан аумағынан Армения қарулы күштерінің жасағын қарусыздандыру және шығару;
армян әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру;
азат етілген аумақтарға қайтып келетін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
конституциялық құрылысты қалпына келтіру.
Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады