Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді - үкімет

Жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады
Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне "Жасыл Даму" АҚ қаражатынан 20 миллиард теңге бөлінеді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп жазады primeminister.kz.
"Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады. Шамамен 80 комбайн және 450 трактор", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетері, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады.
Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыу сомасы 205 миллион теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.
Төрт облыста егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр: министр жедел штаб отырысын өткізді