https://sputnik.kz/20230919/auyl-sharuashylygy-tekhnika-lizing-ukimet-38570157.html
Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді - үкімет
Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді - үкімет
Sputnik Қазақстан
Жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T07:42+0500
2023-09-19T07:42+0500
2023-09-19T07:49+0500
ауыл шаруашылығы
теңге
https://sputnik.kz/img/648/36/6483681_0:78:1503:923_1920x0_80_0_0_6f81f813e122b651a2a790b46aa69a30.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне "Жасыл Даму" АҚ қаражатынан 20 миллиард теңге бөлінеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп жазады primeminister.kz.Айта кетері, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады.Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыу сомасы 205 миллион теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.
https://sputnik.kz/20230909/tort-oblysta-egin-zhinau-nauqany-keshuildep-zhatyr-ministr-zhedel-shtab-otyrysyn-otkizdi-38307919.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/36/6483681_85:0:1418:1000_1920x0_80_0_0_1cca4f168f1d0d4aa8eaddce3a2d6c53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, теңге
Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді - үкімет
07:42 19.09.2023 (жаңартылды: 07:49 19.09.2023) Жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. Отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне "Жасыл Даму" АҚ қаражатынан 20 миллиард теңге бөлінеді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп жазады
primeminister.kz.
"Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады. Шамамен 80 комбайн және 450 трактор", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетері, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады.
Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыу сомасы 205 миллион теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.