Өңірлер

Семейде автобуста студент қызға тиіскен ер адам ұсталды

Ер адам әкімшілік жауапқа тартылды
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Семейде ер адам автобуста колледж студентіне тиіскен. Полицейлер қала тұрғынын ұстады.
Қоғамдық көлікте түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам автобуста оған тиіскен.
"Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ер адамның кім екенін анықтады. Ол ұсталып, Семей қаласының орталық полиция бөліміне жеткізілді", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ұсталған азамат 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Ер адам ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кетері, бұл бап бойынша жеке тұлғаларға ескерту жасау не 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салу жазасы қарастырылған.
"Қызымды кабинетіне шақырып алып, тиіскен": Алматы облысындағы мектептен шу шықты