"Қызымды кабинетіне шақырып алып, тиіскен": Алматы облысындағы мектептен шу шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында мұғалім оқушы қызға қырындаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жасөспірімнің әкесі айтып берді.
14 жастағы қыздың әкесінің айтуынша, оқиға 3 сәуірде мектепте болған. Оқушы ата-анасына тек бір айдан кейін ғана айтқан.
"Қызым волейбол секциясына қатысатын. Біраз уақыттан бері ол секцияға бармай қалды. Әйелім қызынан сұрай бастаған, қызым әртүрлі сылтау айтып жүріп, ақыры оқиғаны айтып берген. Волейбол секциясының жаттықтырушысы, мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кабинетіне шақырып алып, қызыма тиісіп, құшақтап, сүйіп мазасын алған. Мұғалімнің жасы 53-те", - дейді қыздың әкесі.
Ер адамның айтуынша, қызының қасында құрбысы болған.
"Қызымның қасында тұрған дос қызына жаттықтырушы "сен бара бер, мен мына қызбен сөйлесуім керек" деген. Есікті жауып, терезені жапқан. Сосын жаттықтырушы қызыма: "сен білесің бе не үшін сені жібергім келмейді" деп сұраған, қызым "білмеймін" десе, жаттықтырушы "өзім де білмеймін не үшін жібергім келмейтінін" деп жауап беріпті. Сөйтіп тиісе бастаған. Жаттықтырушының екі бөлмесі бар, ол қызыма екінші бөлмеге барайық деген", - дейді Ерболат.
Сол сәт оқушының дос қызы дәлізде тұрып, қызды шақыра бастайды. Бұл оқиғаны естіген соң әке-шешесі бірден полицияға бармай, қыздың өзінен анықтай бастайды. Ал дос қызы жеке бөлмеге жаттықтырушының қызды алып кіріп кеткенін растайды. Сол күні жәбірленушінің ата-анасы кешкі тоғызда аудандық полиция бөліміне барып, арыз жазады.
"Түнгі үшке дейін қызымды сұрақтың астына алды. Ешбір бейнежазба жасалмады. Тергеуші тарапынан көптеген заңбұзушылық болды. Мектептегі бейнежазбаны да алып қарамады. Қазіргі күні мұғалім жұмыс істеп жүр. Оны жұмыстан аластатпады. Міне біз арыз бергелі 20 күн болды, еш нәтиже жоқ", - дейді ол.
Екі тарапты шақырып, ауыл әкімі де сөйлескен.

"Екі тарап бір-біріне арыз жазды. Қыз баланың да тағдырын ойлап отырмыз, мұғалімнің де кінәсі бар-жоғын құқық қорғаушылар шешеді. Мұғалім "маған жала жапты" деп арыз жазды. Екі отбасы да ауылда жаман аты шықпаған жандар", - дейді Ават ауылының әкімі Момынжан Исламов.

Ал мектеп директоры мұғалімнің жұмыстан аластамағанын айтады.
"Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр, бізге ешкім жұмыстан аластату туралы бұйрық берген жоқ. Онсыз біздің мұғалімді жұмыстан аластатуға құқымыз жоқ. 53 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бұл мектепте 13 жылдан бері еңбек етеді. Кәсіби білікті мұғалімдердің бірі, ал оқушы қыз да өте қарапайым, тәртіпті, сабақты жақсы оқитын қыз. Бұл жағдайға әлі күнге сенерімізді, не сенбесімізді білмейміз", - дейді Омар Мұхамади атындағы орта мектеп директоры Ләззат Нұрмаханова.
Ал полиция тергеу жүріп жатыр дейді.
"Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын Ават орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты заңды шара қабылдау туралы жазбаша арызбен жүгінді. Дерек ҚК 124-бабының 2-бөлімінде көзделген "Педагог жасаған көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабымен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданының полициясында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар жасалады", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайділдин.
Күдіктінің үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Алматы облысында 8 жасар қызға көршісі бір жыл бойы азғындық әрекет жасаған
Жаңалықтар
0