АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда 14 жастағы қыз сегізінші қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Көпқабатты үйдің тұрғыны терезеден бала құлап кеткенін айтып, жедел жәрдем шақырған.
Медициналық бригада шұғыл оқиға орнына аттанды, шақыру түскен үйге үш минутта жеткен. Бірақ дәрігерлер 2009 жылғы қызды ажалдан арашалап қала алмады.
"Шақыру кезінде түскен ақпарат бойынша, бала сегізінші қабаттан құлаған", - деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.