Оқиға

Павлодарда жасөспірім қыз сегізінші қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2023
Жазылу
Жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен, алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда 14 жастағы қыз сегізінші қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Көпқабатты үйдің тұрғыны терезеден бала құлап кеткенін айтып, жедел жәрдем шақырған.
Медициналық бригада шұғыл оқиға орнына аттанды, шақыру түскен үйге үш минутта жеткен. Бірақ дәрігерлер 2009 жылғы қызды ажалдан арашалап қала алмады.
"Шақыру кезінде түскен ақпарат бойынша, бала сегізінші қабаттан құлаған", - деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Акцию по изготовлению и установке защитных решеток на окна от падения детей проводят павлодарские осужденные - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Жаңалықтар
0