Өңірлер

Жаңбыр және тұман: синоптиктер демалыста ауа райы құбылмалы болатынын ескертті

Қазгидромет 16-18 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында найзағай ойнап, екпінді жел соғады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ түсуі мүмкін, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Республиканың көптеген өңірінде ауа температурасы түнде 2-12 градус, күндіз 15-23 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-15 градус, таулы аймақтарда 0-5 градус жылы, күндіз плюс 20-28 градус болады деп күтілуде.
Қар жауып, үсік жүреді: қыркүйекте ауа райы қандай болады