Қар жауып, үсік жүреді: қыркүйекте ауа райы қандай болады

Үсік - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Қыркүйектің басында республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жылбысқы қар жауады деп болжанып отыр. Екінші және үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 3°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.
Қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жауады, екпінді жел тұрып, найзағай ойнайды, ауа температурасы төмендейді.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде ауа райы жауын-шашынды болады және жылбысқы қар жаууы мүмкін.
Ал батыс облыстарда атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Айдың басында Қазақстанның батысында, одан кейін солтүстік-батысында ауа температурасы жоғарылайды:
республиканың батысында түнде +7+18°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +28+35°С-қа дейін;
солтүстік-батысында (Қостанай облысы), республиканың солтүстігінде түнде +2+10°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +20+25°С-қа дейін.
Ақтөбе облысында түнде +3+13°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +20+28°С-қа дейін жылы болады.
Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы ауытқуы мүмкін:
орталықта - түнде +7+15°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін;
оңтүстікте – түнде +5+15°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +23+30°С-қа дейін;
оңтүстік-шығыста - түнде +8+15°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +17+23°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін;
шығыста - түнде ауа райы температурасы +5+15°С-тан +2+10°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы ауытқиды –+20+27°С-тан +17+22°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды, 3°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін деп күтілуде, күндіз +18+27°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды. Республиканың оңтүстік жартысында біршама жылы, кей күндері күндіз ауа температурасы +20+25°С-тан +28+33°С-қа дейін жылынады.
Қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Қазақстанның оңтүстік-батысында, орталықта, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нормадан аз болады деп болжануда.
Жаңалықтар
0