Өңірлер

Семейде әйел лифтінің ішінде босанып қалды

Перзентхананың лифті ақау шығып, бір сағат бойы тоқтап тұрған
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Семейде жүкті әйел перзентхананың лифтіне қамалып қалып, соның ішінде босанды, деп хабарлайды abainewskz порталы.
Оқиға 3 қыркүйек таңғы сағат алтыда облыстық перинаталдық орталығында болды.
Техникалық ақаудан 5 жүкті әйел лифтіде қамалып қалған. Осы сәтте олардың бірінің толғағы қысады. Қасында тұрған әйел батыл әрекетке барады – оны лифтінің ішінде босандырып алған.
Аяғы ауыр келіншекке көмектескен Эльмира Жетпісова сол мекеменің акушері болып шықты. Ол еңбек демалысында жүрген, сол күні жүкті қызының жанында болу үшін перзентханаға келіпті.
"Менің анам батырлық танытты. Бір сағатқа тоқтап қалған лифтінің ішінде босандырды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт бойы ішінде болдық", - дейді оқиғаны көзімен көрген акушердің қызы.
Әйел ұл баланы дүниеге әкелген, есімін Матвей қойды.
Өңірлер
Павлодар облысының тұрғыны көлікте әйелді босандырып алды