Өңірлер

Үлескерлер сан соғып қалды: ШҚО-да құрылыс фирмасының басшысы қамалды

Тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Анықталғандай, ЖШС-ның лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшасын жинауға рұқсаты болмаса да, пәтерді ерте брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа тартқан. Осылайша адамдардың сеніміне кіріп, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңгені заңсыз иемденген.
"Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісім жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды. Құрылыс жүріп жатқан жоқ. Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен ұйым басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Агенттік үлестік құрылысқа заңсыз қаражат жинаған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуды сұрады.
Өңірлер
Ақтауда үлескерлер пәтерлерін үш жылдан бері ала алмай жүр