АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
"Полиция 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықтады", - делінген хабарламада.
Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама жасалады тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Желіде қайтыс болған азаматтың артында алты баласы қалғаны туралы ақпарат тарады.