Қазақстандық шахматшылар Польшадағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатында алғаш рет медаль жеңіп алды
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Финалда команда Грузия құрамасынан жеңілді. Халықаралық шахмат федерациясының сайтында командалар арасындағы сайыс тәжірибе мен таланттың жекпе-жегі болғанын атап өтті.
"Грузиялық ойыншылардың тәжірибесі жас әрі дарынды Қазақстан құрамасынан басым түсті, жастар (орташа жас – 18) үмітті ақтады, еліне күміс медальді алып кетеді", - делінген ФИДЕ хабарламасында.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең үздік жетістігі болды.
Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде 1-орынды жеңіп алды