Қазақстандық шахматшылар Польшадағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации шахматҚазақстанның Польшадағы елшілігінің консулы Бекзат Сәбитұлы әлем чемпионатының финалында Меруерт Камалиденованың тақтасында ойынды бастап берді
Қазақстанның Польшадағы елшілігінің консулы Бекзат Сәбитұлы әлем чемпионатының финалында Меруерт Камалиденованың тақтасында ойынды бастап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатында алғаш рет медаль жеңіп алды
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Финалда команда Грузия құрамасынан жеңілді. Халықаралық шахмат федерациясының сайтында командалар арасындағы сайыс тәжірибе мен таланттың жекпе-жегі болғанын атап өтті.
"Грузиялық ойыншылардың тәжірибесі жас әрі дарынды Қазақстан құрамасынан басым түсті, жастар (орташа жас – 18) үмітті ақтады, еліне күміс медальді алып кетеді", - делінген ФИДЕ хабарламасында.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең үздік жетістігі болды.
Бибісара Асаубаева  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде 1-орынды жеңіп алды
Жаңалықтар
0