Президент бизнесті қолдауға жұмсалған қаржының қайтарымы төмен екенін айтты

Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады, деді Тоқаев
Sputnik
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Бизнесті кәсіпкерлікпен айналысу үшін емес, мемлекеттік қолдауға ие болу мақсатында құратын жағдайлар кездеседі, деді Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде.
"Нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларының экономикалық қайтарымы жұмсалған бюджет қаржысының көлеміне сай келмейді. 2015-2021 жылдары бизнесті мемлекеттік қолдау көлемі (7 трлн теңге) қолдауға ие болған компаниялардан түскен салық түсімдерінің сомасынан 1,5 есе асып түсті (4,5 трлн теңге). Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Бизнесті ынталандыру тәсілдерін өзгертуге бағытталған бұған дейінгі әрекеттер сәтсіз болды", - деді президент.
Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке қолдау шараларына қатысты тетіктерді сапалы түрде жаңғыртуды тапсырды.
Экономика
Президент ірі бизнесмендерге үндеу тастады