"Тұтынуға жарамсыз, зиянды": Шымкентте танымал энергетикалық сусындар қолдан жасалған

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
Sputnik
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында танымал энергетикалық сусынның маркасын шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Жедел іздестіру шараларына санитар мамандар ғана емес, сол сауда маркасының өкілдері де қатысты. Жасырын цехта 21 мыңнан астам контрафактілік сусынның дайын құтысы, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдықтар, сиямен таңба салатын қондырғы, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді.
Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асып отыр. Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы болған. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Алматы облысында энергетикалық сусын ішкен адам жансақтау бөліміне түсті