Қазақстан-Солтүстік Ирландия арасындағы матчтың тікелей көрсетілімі ЭКСПО-да өтеді

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу матчы бүгін болады
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек - Sputnik. Астанада "Футбол жолы" спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі болады
Матч "Астана Арена" стадионында өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.
Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер қауым ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
"Қазақстан – Солтүстік Ирландия" матчы: Астанада арнайы автобустар жүреді