"Қазақстан – Солтүстік Ирландия" матчы: Астанада арнайы автобустар жүреді

© Sputnik / Абзал Калиев "Астана Арена" стадионы
 Астана Арена стадионы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Қазақстан ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Астанада Солтүстік Ирландияға қарсы ойын өткізеді. Елорда әкімдігі жанкүйерлерге стадионға қоғамдық көлікпен баруға кеңес берді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. 10 қыркүйекте Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойынның жанкүйерлерін тасымалдайтын арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап.
EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында матч кешкі сағат 19:00-де басталады. Сол күні "Астана Арена" стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында сағат 17:30-да бес жерден арнайы шаттл-автобустары жүреді.
"Астаналық цирк" автотұрағы;
"Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
"Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
"Жастар" сарайы тұрағы.
Ал ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қосымша 10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және 303 қала маңы бағдарларымен үйіне қайта алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Жол жүру ақысы – 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталар да жарамды.
Олимпийский стадион в Севилье, Испания - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Спорт
Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді
Жаңалықтар
0