Қоғам

Отбасы күні: Қазақстанда некеге тұратындардың саны не себепті азайды

Бұдан он жыл бұрын тіркелген некелердің саны әлдеқайда көп болған
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Отбасы күніне орай соңғы 10 жылда отбасын құрғандардың санын және осы көрсеткіш жағынан бірінші орында тұрған өңірді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұдан он жыл бұрын тіркелген некелердің саны әлдеқайда көп болған. 2012 жылы 164 мыңнан астам неке тіркелсе, 2022 жылы 128 мыңға дейін азайған. Некелесу коэффициенті де төмендеп отыр. 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы 6,54 жұпқа дейін төмендеген.
Бүгінде некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақмола мен Абай облыстарында — 6,1.
20 жылда некеге тұрушылардың ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдары байқалды. Мәселен, 2002 жылы некелесу коэффициенті 6,6 болған. Оның да өзіндік себебі бар.
"Мәселен, 2010 жылдары 1985-1990 жылғы ұрпақ некеге тұрды. Ол кезде бала туу көрсеткіші жоғары болды. Ал 2020 жылдан кейін туу көрсеткіші төмен болған 1995-2000 жылдары дүниеге келген ұрпақ отбасын құра бастады", - дейді бюро мамандары.
Қазақстанда ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы - 28, әйелдер үшін — 25,2 жас.
Қоғам
Қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай