Өскеменде пәтерге қасақана өрт қойылған – алты қабатты үйден 15 адам құтқарылды

Олардың ішінде 4 бала бар
Sputnik
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласында алты қабаты үйдеy өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.
Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 6 қабатты тұрғын отқа оранды. Қалың түтін үйдің ішіне де тарап кетті. Құтқарушылар алдымен арнайы сатылардың көмегімен 15 алып шықты. Олардың ішінде 4 бала бар.
"Өрт сөндірушілер қою түтін жағдайында отпен күресуге және адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. Тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты шарпыды", - дейді мамандар.
Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 10 техника мен 42 құтқарушы жұмылдырылды. Алдын ала болжамы бойынша біреу қасақана өрт қойған.
Өңірлер
Екібастұздағы сауда орталығынан өрт шықты