Өңірлер

Екібастұздағы сауда орталығынан өрт шықты

© Photo : ДЧС Павлодарской областиВ Экибастузе горел торговый центр
В Экибастузе горел торговый центр - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2023
Жазылу
Сағат таңғы 8-де сауда үйінің екі бөлімі жанған
ПАВЛОДАР, 10 қыркүйек – Sputnik. Бүгін таңертең Екібастұздағы сауда орталығында 50 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
10 қыркүйекте сағат 8.00-де MAXI MALL сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына алты техника мен жеке құрамның 30 адамы барды. Өрт ғимараттың үшінші қабатындағы 50 шаршы метр аумақта балалар киімдері мен ойыншықтар дүкенінен шыққан.
Сондай-ақ, 7 шаршы метр аумақтағы әйелдер киімі дүкеніндегі заттарға да зиян келген. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 9.08-де өрт сөндірілді. Оның алдын-ала себебі анықталып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Шымкенттегі Ордабасы алаңында қоймалар өртенді
Жаңалықтар
0