Қазақстанда ТМД-ның әскерлері жиналды

Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды
Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштерінің әскери контингенттері де қатысып жатыр. Зениттік-зымырандық кешендердің жауынгерлік есептоптары оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.
"Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды
Жаттығудың белсенді кезеңі 14-15 қыркүйекте өтеді Сол кезде Қырғызстанның әскерилері "Печора 2БМ" мобильді зениттік-зымыран кешенінен іс жүзінде оқ атуды орындайды. Ол қысқа және орта қашықтықтағы ұшатын және ұшқышсыз басқарылатын әуе шабуылын жоюға арналған.
"Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.