https://sputnik.kz/20230909/qazaqstanda-tmd-nyn-askerleri-zhinaldy-38311820.html
Қазақстанда ТМД-ның әскерлері жиналды
Қазақстанда ТМД-ның әскерлері жиналды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен... 09.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-09T13:56+0500
2023-09-09T13:56+0500
2023-09-09T13:56+0500
оқу-жаттығулар
әскери қызметкер
тмд
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38304449_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_8cb986e0788a57ddb54c4849777947ff.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштерінің әскери контингенттері де қатысып жатыр. Зениттік-зымырандық кешендердің жауынгерлік есептоптары оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті. Жаттығудың белсенді кезеңі 14-15 қыркүйекте өтеді Сол кезде Қырғызстанның әскерилері "Печора 2БМ" мобильді зениттік-зымыран кешенінен іс жүзінде оқ атуды орындайды. Ол қысқа және орта қашықтықтағы ұшатын және ұшқышсыз басқарылатын әуе шабуылын жоюға арналған. Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/09/38304449_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_296d224d7bc289dba27f55c8df4b3f3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-жаттығулар, әскери қызметкер, тмд
оқу-жаттығулар, әскери қызметкер, тмд
Қазақстанда ТМД-ның әскерлері жиналды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының "Жауынгерлік достастық-2023" оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштерінің әскери контингенттері де қатысып жатыр. Зениттік-зымырандық кешендердің жауынгерлік есептоптары оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.
Жаттығудың белсенді кезеңі 14-15 қыркүйекте өтеді Сол кезде Қырғызстанның әскерилері "Печора 2БМ" мобильді зениттік-зымыран кешенінен іс жүзінде оқ атуды орындайды. Ол қысқа және орта қашықтықтағы ұшатын және ұшқышсыз басқарылатын әуе шабуылын жоюға арналған.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.