Тоқаев SINOPEC басшысына су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екенін айтты

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.
Қытай компаниясы "ҚазТрансОйлға" мұнай құбырын кеңейтуге көмектеседі