АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі бұған дейін халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашев ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы хабарлайды.
Еске салайық, қылмыстық топ күш қолданып, қоқан-лоққы жасап, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.
Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.