Пайдасынан зияны көп: диетологтар жылдам дайындалатын азық-түліктер туралы не дейді

Жылдам дайындалатын азық-түліктер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, дейді диетологтар
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Тез пісетін ботқаның пайдасынан зияны көп, деп мәлімдеді диетолог Майкл Мосли.
"Қайнаған су құйып дайындайтын пакеттегі ботқаның пайдасынан зияны көп", - дейді британиялық диетолог.
Мослидің айтуынша, тез дайындалатын ботқаның бір порциясында орташа есеппен 3 қасық қант бар, ал кейбірінде 16 граммға дейін болады. Диетолог кейде зиянды тағамдар пайдалы болып көрінетінін және мұндай мысалдар көп екенін атап өтті.
Ол сондай-ақ майсыздандырылған сүт өнімдерін мысалға келтірді, оның айтуынша, жағымсыз дәмді жасыру үшін оларға көп қант қосады. Сонымен қатар маман жасанды түрде майсыздандырылған өнімдер пайдалы қасиетін жоғалтатынын ескертті.
Қандай тағамдар тәбетті тежеуге көмектеседі