Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болған – ҰҚК екі терактінің алдын алды

Түркістан қаласында қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібергісі келгендердің әрекеті дайындық кезінде анықталды
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі терактінің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комитет төрағасының бірінші орынбасары Руслан Сейсембаевтың айтуынша, күш құрылымдары Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі терактінің алдын алады.
"Биыл ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібергісі келгендердің әрекеті дайындық кезінде анықталды, терактіге жол берілмеді. Сондай-ақ Астанада адам көп жиналатын жерде қарулы шабуыл жасау жоспары болған. Оған да жол берілген жоқ", - деді Сейсембаев ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымның 40-шы кеңесінде.
Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үшін террористік қауіптер бірқатар “басым факторлардың әсерінен” туындап отыр. Ондай қауіптер күрт көбейген.
"2022 жылы 18 (теракт - ред. ), 2023 жылы 47-ге жетті. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тапты, шамамен 940 адам жарақат алды", - дейді Сейсенбаев.
Күш құрылымдары мен ішкі істер органдары 300-ден астам терроризмге қарсы операция өткізді. 1 600 террорист пен олардың сыбайластары ұсталды. Билікке қарсы қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскердің көзі жойылды.
ҰҚК арнайы операция өткізді – екі жасырын зертхананың видеосы жарияланды