https://sputnik.kz/20230731/uqk-arnayy-operatsiya-otkizdi--eki-zhasyryn-zertkhananyn-videosy-zhariyalandy-37145740.html
ҰҚК арнайы операция өткізді – екі жасырын зертхананың видеосы жарияланды
ҰҚК арнайы операция өткізді – екі жасырын зертхананың видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астана қаласында және Ақмола облысында синтетикалық есірткі жасалатын екі жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды Sputnik... 31.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-31T09:52+0500
2023-07-31T09:52+0500
2023-07-31T09:52+0500
есірткі
астана
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1f/33454675_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_73a171b66be1a037fe289094d2771731.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астана қаласында және Ақмола облысында синтетикалық есірткі жасалатын екі жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.17-24 шілде аралығында прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісі табылды. Арнайы операцияға ұлттық ұлан да тартылды."Заңсыз айналымнан 29 келіден аса "мефедрон" психотроптық заттары, бір тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" бағасы 580 млн теңгеден асады. Ұсталған 4 адам қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Айта кетері, осы қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
астана
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1f/33454675_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_fdb96dab2e4ff2407e9b31ef4154974f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, астана, алматы
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Астана қаласында және Ақмола облысында синтетикалық есірткі жасалатын екі жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
17-24 шілде аралығында прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісі табылды. Арнайы операцияға ұлттық ұлан да тартылды.
"Заңсыз айналымнан 29 келіден аса "мефедрон" психотроптық заттары, бір тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" бағасы 580 млн теңгеден асады. Ұсталған 4 адам қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.