АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ұлытау облысында "Өркен" ЖШС кенішінде жұмыс істеген кенші қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 6 қыркүйекте болған. Қазіргі кезде арнайы комиссия кеншінің қалай қаза тапқанын анықтауға кірісті. Алдын ала болжамға сәйкес, 39 жастағы ер адам тау жыныстары үйіндісінің астында қалып қойған.
Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты. Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау шаралары ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетіледі.
Айта кетері, "Өркен" ЖШС "АрселорМиттал Теміртаудың" құрамына кіреді.