"АрселорМиттал Теміртау" бойынша ресейлік компаниямен келіссөз жүріп жатқан жоқ – Скляр

© Sputnik / Владислав ВодневРоман Скляр
Роман Скляр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
Қазір кәсіпорынды дамытуға қаражат инвестициялай алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ресейлік "Северсталь" компаниясымен "АрселорМиттал Теміртауды" сату туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ нысандары ресейлік "Северсталь" компаниясына сатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.
Ақорда кулуарында Роман Скляр мұны жоққа шығарды.
"Ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сол себепті қауесетке сенбеңіздер. Шынымен де компания (АрселорМиттал Теміртау) жабдықты жөндеу, инвестиция құю бойынша міндеттемелерін орындамай отыр. Бұл кәсіпорындағы адам өлімімен байланысты қайғылы оқиғалар, әрине, бізді алаңдатады. Сондықтан да осы кәсіпорынды дамытуға қаражат инвестициялай алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр", - деді бірінші вице-премьер.
Алайда ол қандай инвесторлармен келіссөз басталғанын айтудан бас тартты.
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
"АрселорМиттал Теміртаудың" ресейлік инвесторға сатылатыны рас па
Жаңалықтар
0