Баспасөз конференциясында Азамат Жылтыркөзов театр маусымының ашылуы, сондай-ақ отандық көрермендерді қандай премьералар мен ауқымды концерттік бағдарламалар күтіп тұрғаны туралы әңгімелейді.
Сондай-ақ студия қонағы тамыз айының соңында қол қойылған ТМД елдері театрлары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жоспарланған гастрольдер мен шеберлік сабақтары туралы ақпарат береді.
Театр жаңа маусымды ұлттық классиканың жауһар туындысы – "Абай" операсымен ашатыны белгілі болды. Көрермендер оны бір-екі күннен кейін – 8 қыркүйекте тамашалайды.