Видео

"Астана Опера" жаңа маусымды ашады: баспасөз конференциясының тікелей эфирі

Жазылу
"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында еліміздің бас театры "Астана Опера" опера труппасының директоры Азамат Қайратұлы Жылтыркөзовтың баспасөз конференциясы басталды. Тікелей трансляцияны көріңіз!
Баспасөз конференциясында Азамат Жылтыркөзов театр маусымының ашылуы, сондай-ақ отандық көрермендерді қандай премьералар мен ауқымды концерттік бағдарламалар күтіп тұрғаны туралы әңгімелейді.
Сондай-ақ студия қонағы тамыз айының соңында қол қойылған ТМД елдері театрлары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жоспарланған гастрольдер мен шеберлік сабақтары туралы ақпарат береді.
Театр жаңа маусымды ұлттық классиканың жауһар туындысы – "Абай" операсымен ашатыны белгілі болды. Көрермендер оны бір-екі күннен кейін – 8 қыркүйекте тамашалайды.
Жаңалықтар
0