АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов бүгін әлеуметтік желіде тараған ұлына қатысты видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мұндай оқиға менің отбасымның айналасында бірінші рет болып отырған жоқ. Оның қайталануы мені ойландырып қойды. Балаларыма қазақы толық тәрбие бердім. Бүгінгі видеоға қатысты менің де қоятын бір сұрағым бар. Таңғы сағат 4-те мұндай қыздар ұлым тұратын үйге келіп, осындай оқиғаға не себепті бастамашы болатыны түсініксіз. Оның үстіне бұл жағдай аяқ астынан камераға түсіп қалып, белгілі бір адамдарға пайдалы үзінділерінің тарауы менің ғана емес, кез келген адамның көңіліне күмән ұялатады", - деп жазды депутат желідегі парақшасында.
Дәулет Тұрлыханов бұл жағдай өзінің отбасына соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлайтынын атап өтті.
Дәулет Тұрлыханов бұл жағдай өзінің отбасына соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлайтынын атап өтті.
"Видеода менің баламның бұл жанжалдан барынша қашқақтауға әрекет жасағаны анық көрінеді. Сіздерге түсінікті болу үшін видеоның толық нұсқасын жолдап отырмын. Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын", - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін жәбірленуші қысқа ролик жариялап, Дәулет Тұрлыхановтың Әкежан деген ұлы қолын қайырып, итеріп құлатқанын айтып шағымданған болатын.