Депутат Тұрлыхановтың ұлы 15 тәулікке қамауға алынды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Алматы соты "Н" есімді азаматтың әскери бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені хабарланған еді.
"Әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына бағынып, әскери бөлімге баруға міндетті болған еді. Бірақ ол бөлім командирінің бұйрығын орындаудан ашық бас тартып, көлікке отырып, белгісіз жаққа кетіп қалған", - делінген хабарламада.
"Сот қатардағы жауынгерді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Күні кеше қорғаныс министрлігі қорғаныс министрлігі әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылғанын, қызметтік тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Кейіннен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың өзі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Депутат әлеуметтік желідегі ақпараттар оның ұлына үлкен психологиялық ауыртпалық түсіргенін, баласының қазіргі психологиялық жағдайы үшін қатты алаңдайтынын атап өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, Нұрасыл Болат Алматы қаласында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жықты деп айыпталуда.
Даулет Турлыханов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
"Абыройымды түсіре алмайды": Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жағдай туралы үн қатты
Жаңалықтар
0