АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО елдерінің барлығында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жалақы өсті, деп хабарлайды ЕЭК.
Орташа айлық номиналды және нақты жалақы қаңтар-шілде айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәрінде өскен.
Орташа нақты жалақының ең жоғарғы өсімі Армения мен Қырғызстанда тіркелді (114,7% және 114,6%). Қазақстанда бұл көрсеткіш барлық одақтас елдердің ішіндегі ең төмен - 100,2%.
Қырғызстандағы орташа номиналды айлық жалақы - 31,9 мың сом (168 389 теңге), Ресейде - 70,2 мың рубль.
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Ресейден кейін екінші орында. Елдегі орташа жалақы 352 237 теңге.