АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан агросекторда ҚХР Шаньдун провинциясымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Тиісті уағдаластықтарға ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Шаньдун провинциясы ҚКП парткомының хатшысы Линь У кездесу шеңберінде қол жеткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Шаньдун Қазақстанмен сауда көлемі бойынша СУАР, Пекин және Ганьсу провинцияларынан кейінгі төртінші провинция. Өткен жылы тауар айналымы 2 млрд долларды құрады.
Ауыл шаруашлығы министрлігінің хабарлауынша, көрсеткіш артуы мүмкін, өйткені Қазақстан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынуға дайын.
"Республиканың астықты жыл сайын жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ ҚХР-ға салқындатылған ет өнімдерін сатуға әлеуеті бар. Алғашқы 1.3 мың тонна қазақстандық астық Алматыдан Цзинань қаласына жаңа контейнерлік жүк пойызымен жөнелді. Бұл оқиға Алматыда Бұрындай станциясында Шаньдун қалыптастыру орталығының ашылуына себеп болады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту жөніндегі жоспарлар Азық-түлік корпорациясы мен Binzhou Zhongyu Foods компаниясы арасындағы меморандумға қол қоюмен бекітілді", - делінген хабарламада.
Құжатта 200 мың тонна отандық астықты аспанасты еліне экспорттау көзделген.