Қазақстанда бидай экспорты рекордтық деңгейге жетті

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент ознакомился с ходом уборочной кампании
Президент ознакомился с ходом уборочной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
11 айда Қазақстан сыртқы нарыққа 7,31 миллион тонна бидай жеткізген
АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Биыл Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды "APK Inform" ақпараттық порталы.
Биылғы жылғы астық маусымы әлі аяқталған жоқ, алайда Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты.
"Ресми статистикаға сәйкес, биылғы маусымның 11 айында (қыркүйектен шілдеге дейін) Қазақстан сыртқы нарыққа 7,31 миллион тонна бидай жеткізген. Бұл соңғы бірнеше маусымдағы абсолютті рекорд", - делінген ақпаратта.
2021-2022 жылдары Қазақстан 5,52 млн тонна бидай экспорттады, ал 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш 5,6 млн тонна болған.
Негізінен экспорт Өзбекстанға жасалды. Сондай-ақ өзбек көршілер астық сатып алуды айтарлықтай арттырған.
"Биылғы маусымның 11 айында Қазақстаннан Өзбекстанға 3,61 миллион тонна бидай экспортталды, бұл рекордтық көрсеткіш.
Өткен маусымдарда дәл осы кезеңде бұл көлем 3 миллион тоннадан аспады. Тәжікстан көрсетілген мерзімде 976 мың тонна қазақ бидайын импорттады", - делінген ақпаратта.
Ауғанстан, Түрікменстан, Қытайға да астық экспорттау көлемі артты.
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Астана халықаралық форумы
Катар инвесторлары Қазақстанда бидай өңдейтін зауыт салғысы келеді
Жаңалықтар
0