Ухань қаласы сол кезде әлемдегі ең қатаң карантинге жабылған бірінші қала болды. Суретте: Ухань көшелеріндегі қала тұрғындары.
Инфекцияның таралуы 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Уханьда басталды. Суретте: Цзянхань ауданындағы Ухань көшелеріндегі қала тұрғындары.
Адамдарға өз пәтерлерінен шығуға қатаң тыйым салынды, оларға қажетті азық-түлік үйлеріне жеткізіліп тұрды, қалада қоғамдық көліктер жұмыс істемеді, дәрігерлер ауру жұқтырған әрбір адамды мұқият қадағалады. Суретте: Цзянхань ауданындағы Ухань көшелерінің бірінде мотороллер мінген әйел.
Уханьдағы карантин 11 аптаға жуық, яғни 2020 жылдың 8 сәуіріне дейін созылды. Бұл кезге дейін жергілікті тұрғындар екі айдан астам уақыт бойы үйлерінен шықпаған. Суретте: Ухань көшелерінің бірінде көкөніс сатып тұрған әйел.
Қытайда анықталған COVID-19 жұқтырудың 86 мың фактісінің 50 мыңға жуығы осы қалада тіркелген. Суретте: әйел Ухань көшелерінің бірінде кеспе жеп тұр.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Ухань инфекцияның таралуын тоқтата алды. Суретте: ер адам Цзянхань ауданындағы Ухань көшелерінің бірінде арт-нысанын үстінде отыр.
Бүгінгі таңда Ухань эпидемиологиялық тұрғыдан әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі болып саналады. Суретте: Ухань көшелеріндегі қала тұрғындары.
Қала қалыпты өмірге қайта оралды. Суретте: Цзянхань ауданындағы Ухань көшелеріндегі қала тұрғындары.
Көшелерде адамдар бетпердесіз жүр, дәмханалар, мейрамханалар, сұлулық салондары мен ойын-сауық орындары адамдарға толы, жолдарда тағы да кептеліс туындаған. Суретте: Ухань көшелеріндегі маникюр жасатып отырған әйелдер.
Дегенмен уханьдықтардың көбісі қатаң оқшаулау психологиялық күйге үлкен салдар тигізді деп шағымданады. Суретте: Уханьдағы Янцзы өзенінің жағалауында тұрған ер адам.
Әйтпесе қала тіршілігі бір қалыпты, әдеттегі қарқынмен жүріп жатыр. Суретте: Ухань қаласындағы Янцзы өзенінің жағалауындағы Ухан қаласының тұрғындары.
Қазір қала індеттің өте ауыр сынынан өтті деп айтсаң нанғысыз. Суретте: Уханьдағы Ханьян ауданындағы Тасбақа тауындағы телевизия мұнарасы.