Пандемиядан кейінгі Уханьда адамдар қалай өмір сүріп жатыр – фото
Пандемиядан кейінгі Уханьда адамдар қалай өмір сүріп жатыр – фото
Sputnik Қазақстан
Коронавирус пандемиясы пайда болған және Covid-19 алғаш анықталған Қытайдың Ухань қаласындағы өмір осы оқиғаға дейінгі және кейінгі болып екіге бөлінді 04.09.2023, Sputnik Қазақстан
Коронавирус пандемиясы пайда болған және Covid-19 алғаш анықталған Қытайдың Ухань қаласындағы өмір осы оқиғаға дейінгі және кейінгі болып екіге бөлінді
Қауіпті індеттен кейін үш жылдан астам уақыт өткеннен соң қаланың қазіргі көрінісін суреттер топтамасынан қараңыздар.
Адамдарға өз пәтерлерінен шығуға қатаң тыйым салынды, оларға қажетті азық-түлік үйлеріне жеткізіліп тұрды, қалада қоғамдық көліктер жұмыс істемеді, дәрігерлер ауру жұқтырған әрбір адамды мұқият қадағалады. Суретте: Цзянхань ауданындағы Ухань көшелерінің бірінде мотороллер мінген әйел.
Уханьдағы карантин 11 аптаға жуық, яғни 2020 жылдың 8 сәуіріне дейін созылды. Бұл кезге дейін жергілікті тұрғындар екі айдан астам уақыт бойы үйлерінен шықпаған. Суретте: Ухань көшелерінің бірінде көкөніс сатып тұрған әйел.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Ухань инфекцияның таралуын тоқтата алды. Суретте: ер адам Цзянхань ауданындағы Ухань көшелерінің бірінде арт-нысанын үстінде отыр.
Көшелерде адамдар бетпердесіз жүр, дәмханалар, мейрамханалар, сұлулық салондары мен ойын-сауық орындары адамдарға толы, жолдарда тағы да кептеліс туындаған. Суретте: Ухань көшелеріндегі маникюр жасатып отырған әйелдер.
Дегенмен уханьдықтардың көбісі қатаң оқшаулау психологиялық күйге үлкен салдар тигізді деп шағымданады. Суретте: Уханьдағы Янцзы өзенінің жағалауында тұрған ер адам.