Білім

Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ке өсті

Жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 13 жаңа жатақхана ашылады
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50 процентке көтерілді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

"Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылғы қыркүйектен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 1 қыркүйектен бастап 50%-ке өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқиды. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.
Осы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды.
Айта кетері, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.
Қоғам
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді