АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Астанада екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт туралы хабар 3 қыркүйек күні сағат 01:25-те келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта жалын үйдің 70 шаршы метр аумағын шарпыған. Өртеніп жатқан үйден 1970 жылы туған ер адам шығарылып, "улы газдан орташа дәрежедегі улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Өрт аумағын барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 1983 және 1970 жылы туған екі ер адам мен 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты.
Өртті сөндіруге 15 адам мен үш техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке сөндірілмеген темекі себеп болуы мүмкін.