Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Бұл қызметті бұған дейін Тамара Дүйсенова атқарған еді
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Жақыпова жаңа қызметке дейін президент жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болды.

Светлана Жақыпованың өмірбаяны

Жақыпова 1968 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі
Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (1991);
Алматы экономика және статистика академиясы (2006).
Еңбек жолы
Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі (1984-1986);
16 орта мектебінде, 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1991-1995);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы (1997-1998);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары (1998-2001);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2001-2008);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008-2011);
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011-2013);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (19.08.2013-08.2014);
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017-2019);
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (12.06.2023 жылдан бастап).
Дүйсенова мен Жұманғарин министр қызметінен кетті