Дүйсенова мен Жұманғарин министр қызметінен кетті

© Photo : Public DomainПодпись, соглашение, документ
Подпись, соглашение, документ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Екеуі де министр қызметін премьер-министр орынбасары лауазымымен қоса атқарды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Тамара Дүйсенова мен Серік Жұманғарин министр қызметінен босатылды.
Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды. Бірақ премьер-министр орынбасары болып қалды.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда сайтында.
Дүйсенова бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін қоса атқарған еді.
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
“Астанаға кіруге шектеу жоқ”: Тамара Дүйсенова ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар
0